Кәсіптік бағдар - болашаққа жол » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2023

Кәсіптік бағдар - болашаққа жол

24 қазанда Республика күні мерекесіне орай  мектебімізде 9-11 сынып оқушылары  үшін  «Мектеп және ЖОО» ынтымақтастығы аясында кәсіптік бағдар беру бағытында «Менің мамандығым – менің болашағым» атты мектепішілік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға кәсіби бағдар беру және оларға мамандық таңдауда қолдау көрсету.   

Іс-шараға Семей медицина, Шәкәрім, Алихан Бөкейханов  университеттері, Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина және Геологиялық барлау колледждері  сынды оқу орындарынан жауапты мамандар шақырлыды. Іс - шараның пленарлық бөлімінде оқушылардың мамандық таңдаудағы бейімділігін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысы таныстырылды. Мектеп директоры Д.Е. Байтунов сөз алып, іс шараның өткізілу маңыздылығына тоқталды.  Іс  - шара барысында маңызды құжат меморандумға қол қойылды.  Білікті кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу  мақсатында «Мектеп және колледж» ынтымақтастығы аясында мектебіміз «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина» және «Геологиялық барлау» колледждерімен меморандумға отырды.  

Іс - шараның тәжірибелік бөлімінде оқушылар сауалнама қорытындысы нәтижесіне сәйкес мамандықтар алаңына топтастырылды. Мамандықтар алаңында оқу орындарынан келген мамандар кәсіби бағдар бойынша ақпарат берді.  Оқушылар   болашақ мамандықтарын таңдау ісіне жауапкершілікпен қарау маңыздылығын түйсінді. Кері байланыс жүргізу мақсатында  мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымының белсенділері  - жас тілшілер мамандар мен оқушыларға сауалдар қойып, сұхбат жүргізді.