Әлихан Бөкейхан Университетінде «Мектеп-ЖОО» кластері аясында университет мектеп байланысты нығайту және болашақ педагог мамандарды даярлау ісін жетілдіру мақсатында өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлихан Бөкейхан Университетінде «Мектеп-ЖОО» кластері аясында университет мектеп байланысты нығайту және болашақ педагог мамандарды даярлау ісін жетілдіру мақсатында өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.
14
сәуір
2023

Әлихан Бөкейхан Университетінде «Мектеп-ЖОО» кластері аясында университет мектеп байланысты нығайту және болашақ педагог мамандарды даярлау ісін жетілдіру мақсатында өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.


14 сәуір күні Әлихан Бөкейхан Университетінде «Мектеп-ЖОО» кластері аясында университет мектеп байланысты нығайту және болашақ педагог мамандарды даярлау ісін жетілдіру мақсатында Абай облысы білім бөлімінің «№11  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  басшылығымен өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. Келісімшартқа қол қойған университет ректоры, профессор Құрманбаева Шырын Асылханқызы мен мектеп директоры Баитунов Дулат Ермекұлы екі оқу ордасы арасындағы келісім өскелең ұрпаққа сапалы білім беру және жоғары білікті мамандар даярлау ісіндегі қарышты қадам болатынына сенім білдірді.

Келісім аясында оқу орындары:
– кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
– оқытудың озық әдістері мен технологияларын, ғылыми ақпаратты, құқықтық, оқу, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды дамытуда тәжірибе алмасу;
– инновациялық жобаларды, білім беру қызметінің жаңа жүйелерін, әдістері мен нысандарын бірлесіп әзірлеу, бекіту және енгізу, білім беру стандарттарын, бағдарламаларды, оқулықтар мен жаңа буынның оқу құралдарын дайындау және оңтайландыру;
– түлектерді жұмысқа орналастыру;
– білім беру мәдениетін және педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыру;
– ғылыми жобалардың бірлескен конкурстарын, семинарларды, конференцияларды, пікірталастарды, олимпиадаларды және басқа да іс-шараларды өткізу;
– кәсіптік практикалар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу;
– ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерді, дипломдық жұмыстарды, диссертацияларды рецензиялау;
– талапкерлерге кәсіптік бағыт-бағдар беру;
– дарынды білім алушылармен жеке жұмыс жүргізу;
– қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға дайындау және тағы да басқа бірлескен жұмыс бағыттарын қамтиды



[media=https://youtube.com/shorts/QHEzYgB6Ds8?feature=share]