25
сәуір
2018
«Рухани тұлға» атты поэзия кеші
19.04. 2018 жылы «№11 ЖОББМ» КММ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойына орай «Рухани тұлға» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шара мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Оқушылардың білім алып қана қоймай, ғұлама ақын Шәкәрімнің шығармалары арқылы халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңірулеріне ықпал ету.
Шығармашылық кешке қаланың 40 мектебінен кітапханашылар қатысты.
Поэзия кешін философ ақынның қазақ және әлемдік мәдениетіндегі ерекше алатын орны туралы алғы сөзбен мектеп директоры К.М. Айтказина ашты. Кешке 3-11 сынып оқушылары қатысты.
Балалар Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп оқып, эпикалық шығармалары: «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн» поэмаларынан әдеби көріністер көрсетіліп, үзінділер оқылды. 9 сынып оқушысы Омарова Аида сазгердің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін нақышына келтіре орындады. Мектеп оқушылары «Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірінің соңғы кездері» атты театрландырылған қойылым арқылы шығармашылық шеберліктерін танытты. 11 сынып оқушысы Төкенова Дана өз шығармашылығынан «Шәкәрімге арнау» өлеңін оқыды.
Сондай-ақ ақын шығармашылығына қызығушылық тудыру мақсатымен кеш қонақтары арасында «Көрікті ойдың кестесі...» ойыны өткізілді.
Мектептің кітапхана меңгерушісі Бахтинова Д.Б. «Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасы» тақырыбында дәстүрлі және электронды кітап көрмесімен таныстырды.
Шараны қорытындылау барысында Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері Х.Б. Жунусханова және қала мектептерінің кітапханашылары поэзия кешінің жоғары деңгейде өткізілгенін білдіре отырып, өскелең ұрпақтың қазақ халқының мәдени және рухани мұрасына қызығушылығын арттыруына ықпал ететіндігі жөнінде айтты.