Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат
03
қазан
2023

Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат

Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат

    2023 жылдың 03 қазан күні Алматы қаласы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясынан оқытушы келіп 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіптік білім алуда, жоғары оқу орындарын таңдауда нақты бағыт беру. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, видео роликтер көрсетілді және буклеттер таратылды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі ҰҚК шекара академиясына, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жүзеге асырылып жатқандығы туралы, оқуға түсетін түлектерге қандай құжаттар жинау жайында мәліметтер айтылды. Оқушыларға әскери қызметшілер үшін қосымша мемлекет тарапынан көрсетілетін ақшалай төлемақы, қызмет өткеру кезеңінде қызметтік тұрғын үймен, жылсайынғы ақшамен өтемелі демалыс, киім-кешек, тегін дәрігерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетіндігі туралы айтылды.  Оқу орындарын бітіргеннен кейін курсанттарға «лейтинант» әскери атағы беріліп, ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерінде жұмыспен қамтамасыз етіледі. Атаулы іс шара мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беруде тиімділігі зор.