19
сәуір
2023
«WorldSkills Abai» өңірлік чемпионаты
19.04.2023 жылы «WorldSkills Abai» өңірлік чемпионаты барысында «Құрылыс колледжі» КМҚК мектеп оқушыларына арнап кәсіптік бағдар беру жұмыстары яғни мамандықтар туралы толық ақпарат айтылып, чемпионат қатысушыларының жұмысымен таныстыру мақсатында шеберханаларға экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылармен түрлі ойындар ойнатылып, белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Осы жұмыс барысында аса белсенділік таңытып және ерекше көзге түскен 9 «Б» сынып оқушысы Әли Аяжан белгілі оқу орнына грант ұтып алды.


