Шәкәрім атындағы университет оқытушылары мен студенттері мектебіміздің 11 сынып түлектерімен кездесті
2023 жылдың 26 қыркүйегінде Шәкәрім атындағы университет оқытушылары мен студенттері мектебіміздің 11 сынып түлектерімен кездесті. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оқу орындарындағы мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіптік білім алуда, жоғары оқу орындарын таңдауда нақты бағыт беру. Оқушыларға буклеттер, сауалнамалар мен QR код сұрақтары таратылды. Сауалнамаға 22 оқушы қатысты. QR сұрақтары бойынша 1-ші тур өткізілді, тест нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 1 оқушы анықталды. Жеңімпаз Құдайберген Сұлтан мектептер арасында өтетін екінші турға жолдама алды. Кездесу барысында оқушылар университеттегі факультеттермен және олардағы даярланатын мамандықтар турасында сауалдар қойып, жауаптар алды. Атаулы іс шара мектеп түлектерінің кәсіби бағдар беруде тиімділігі зор.
Кәсіптік бағдар мұғалімі: Тұрсынбекова Ж.Т.