21
желтоқсан
2023
9-сынып оқушыларына технологиялық колледж және құрылыс колледжі мамандары келіп кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2023 жылдың 21 желтоқсанында 9-сынып оқушыларына технологиялық колледж және құрылыс колледжі мамандары келіп кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Технологиялық колледж мамандары өз оқу орындарында бар мамандықтар туралы бейне ролик көрсетіп, таратпа қағаздарын үлестірді. Құрылыс колледжі мамандары «Сәндік сылақ» шеберлік сағатын өткізді. Өндірістік оқу шеберлері сәндік сылақтың түрлері және интерьерді әрлеуде қолдану мүмкіндігі туралы айтты. Мектеп оқушылары өз беттерінше макеттерде сәндік сылақпен жаттықты. Іс-шараға құрылыс колледжі «Көркем дәнекерлеу» көрмесін ұйымдастырды.Мақсаты дәнекерлеуші мамандығына оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Көрмеге студенттердің жеке және ұжымдық жұмыстары қойылды.