Ата- аналарға түсіндіру жұмыстары
24 қаңтар күні 11 сынып ата-аналары үшін қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ның жүргізілу тәртібі бойынша түсінік беру мақсатында мектепішілк жиналыс өткізілді. Ата- аналарға биылғы оқу жылындағы ҰБТ тапсырудағы өзгерістермен және оқушыларды ҚА мен ҰБТ-ға дайындау бойынша жүрзіліп жатқан мектепішілік іс-шаралар нәтижесі мәлімделді. ІІ жартыжылдықтан бастап әкімшілік сынаққа ата-аналарды қатыстыру жоспарланды. Қатысушылар назарына бекітілген сынақ кестесі ұсынылды. Мектеп психологтары ата-аналар сенімділікті қалыптастыру мақсатында тренинг жүргізді. Ата-аналар мен балаларының арасында сенімділік, ашықтық байланыс орнату мақсатында хат жазу әдісі қолданылды. Бұл тәсіл әсерлі болды. Педагог – профориентатор Ж.Т. Тұрсынбекова сөз алып, оқу жылындағы кәсіптік бағдар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар топтамасы туралы мәлімет беріп, жүргізілген диангностикалар нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп түлектері үшін жоғарғы оқу орындарына қабылдану мен түсу шарттары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, ағымдағы мәселелер де қарастырылып, жиналысқа қатысушылар өз сауалдарына жауап алды.