28
қараша
2023
«Open day of Shakarim University» Шәкәрім университетінің «Ашық есік күні» іс шарасы
«Open day of Shakarim University»
Шәкәрім университетінің «Ашық есік күні» іс шарасы
Оқушыларға мамандық таңдауға кәсіби бағыт бағдар беру мақсатында Шәкәрім университетінде «Open day of Shakarim University» іс шарасы өткізілді. Мектеп бітіруші түлектермен кездесу барысында унисерситет ректоры Думан Орынбеков шараның негізгі мақсатымен, университет жетістіктері, білім беру бағдарламалары және университетке оқуға түсу туралы ақпаратпен таныстырып, мамандықты дұрыс таңдаудың маңызын түсіндірді. Ашық есік күніне Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев тестілеудегі өзгерістер мен жаңалықтар, талаптар, шекті балл деңгейі тақырыптарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіби бағдар беруші мамандарға «Мектептегі кәсіби бағдар: жаңа тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ашық есік күнінде университеттің өнерпаз студенттерінің концерттік бағдарламасы, белсендң жастардың креативті алаңдары мен факультеттердің жетістіктері ұсынылды. 11 сынып оқушылары арасында «ProfUnit» мобилді тобы ұйымдастырған «Сіздің университеттегі күніңіз» акциясының жеңімпазы Құдайберген Сұлтан сертификатпен марапатталды.
Педагог-профориентатор: Тұрсынбекова Ж.Т.