“Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы” атты 1-4 сыныптардың ата-аналарына арналған іс-шара өткізілді. » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы” атты 1-4 сыныптардың ата-аналарына арналған іс-шара өткізілді.
05
желтоқсан
2023

“Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы” атты 1-4 сыныптардың ата-аналарына арналған іс-шара өткізілді.

5 желтоқсан 2023ж  11-мектепте ата-аналарды қолдау орталығының жоспарына сәйкес  “Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы” атты 1-4 сыныптардың ата-аналарына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: баланың жаңа ортаға келгенде оның бойында бейтаныс жағдайға  үйрену процессін қолдап, әлеуметтену, танымдық процесстерін дамытуда ата - ананың қолдауы өте маңызды екенің түсіндіру.Бұл іс-шараны бастауыш  сынып мұғалімдері Чарахметова Сандугаш Маратовна мен Абдуллина Жанар Болатовна өткізді.
Іс-шарада ата-аналарға “Таза парақ” әдісі арқылы балалардың дамуы мен міңез- құлқы, бейімделуі әртүрлі болатынын байқауға болды.” Жасырылған тосын сый” ойыны ата- аналарға үлкен әсер беріп,  ойынды үлкен қызығушылықпен ойнады. Жасырылған тосын сый- ана мен баланың бірге соғатын жүрегі болды. 
Ата - аналар “ Бейімделу” деген ұғымды қалай түсінеді деген мақсатпен “Класстер” әдісі өткізілді.        “Ынтымақты  таспа” әдісі арқылы ата-аналармен кері байланыс жасалды. Пайдасы: ата-аналар  баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделу маңызы туралы көптеген мәліметтер алып, белсенділік танытты.Іс-шара мақсатына жетті.