29
қаңтар
2024
Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы бойынша 8-11 сынып оқушыларына әңгімелесу
Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы бойынша ақпарат 29 қаңтар күні мектебімізде Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы бойынша 8-11 сынып оқушыларына әңгімелесу өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы толықтай мәлімет беру, кәсіптік қызмет пен кәсіптің жаңа бағыттарымен таныстыру. Мектеп профориентаторы Тұрсынбекова Ж.Т. мектеп оқушыларына Қазақстанның жаңа мамандықтары мен қызметтер атласы (www.enbek.kz/atlas сайты) туралы толықтай мәліметтермен таныстырды. Бұл атласта жаңа мамандықтармен қоса, өзгеретін мамандықтар мен жойылып бара жатқан мамандықтар туралы айтылды. Оқушылар мамандықтың жаңашылдығы, негізгі құзіреттері, білім беру мекемелері, мамандық бойынша сұранысқа ие болатын компаниялар тізімдерімен толығырақ танысты.
