19
қаңтар
2024
Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат
9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Азаматтық авиация академиясы», «Авиация колледжі» мамандары келіп оқушыларымен кездесу өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіптік білім алуда, жоғары оқу орындарын таңдауда нақты бағыт беру. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды. Оқу орны туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға азаматтық авиациясы академиясының атынан естелік сыйлықтар таратылды. Колледж мамандары оқу орнына түсу үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырды, қандай бейіндік пәндерді таңдау керектігін айтты, мамандықтар туралы қандай біліктіліктері болатыны, оқу мерзімі, оқу түрі, оқыту шарттары (грант, ақылы) туралы мәліметтер берді.
