"Жас сарбаз" арнайы мамандандырылған сынып
Жастар арасындағы әскери–патриоттық тәрбиелу зайырлы Қазақстан Республикасының алдындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында мектебімізде «Жас сарбаз» арнайы сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанда 2018 жылдан бері «Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери–патриоттық қоғамдық қозғалысы жұмыс жасауда, бұл жас патриоттардың үлкен әрі тату қауымдастығы. Біздің мектебіміздің 6 «А» сыныбының оқушылары жас патриоттар қатарын толықтырды. Cыныптың ашылу салтанатына арнайы келген құрметті қонақтар: 32355-к әскери бөлім комондирінің орынбасары, майор Кусайнов Алмат Талғатұлы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы төрағасы Тақанов Төлеубек Тақанұлы және «№11 ЖОББМ» КММ директоры Баитунов Дулат Ермекович оқушыларға «Жас сарбаз» куәліктерін табыстады. Салтанатты жиынның ең маңызды кезеңі №11 мектеп пен 32355-к әскери бөлімі арасында меморандумға қол қою сәті болды. Бұл меморандум арқылы мектебіміздің «Жас сарбаз» сыныбы мен 32355-к әскери бөлімі арасында тығыз байланыс орнатылды. Сонымен қоса сыныптың ата-аналары да оқушыларды құттықтап, арнайы баталарын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
«Жас сарбаз» қатарына алынған әр оқушы салтанатты ант береді. Отанға қызмет көрсетуді міндет санайтын, қызметті қалайша атқаруды білетін адам-нағыз патриот. Бүгінгі күні жақсы білім алу, келешекте Отан игілігі үшін барлық білім, білік дағдыңды аямай жұмсау Жас сарбаздарың алдында тұрған үлкен міндет. Патриотизм – жай ғана әдемі сөз емес, бұл ең алдымен Отанға, барлық халыққа қызмет ету. Бұны естен шығаруға болмайды. Мектебіміздің «Жас сарбаз» қатарына қосылған оқушыларын осынау елеулі оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз!












