Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат
15
қаңтар
2024

Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат

15 қаңтар күні Семей қаласының Мәдениет сарайында ҚР ШШМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Б.Е.Қуанышұлы мектеп түлектерімен кездесу өткізді. 10-11 сынып түлектерімен ұйымдастырылған кездесу барысында подполковник құқық қорғау саласы бойынша мамандар даярлайтын Батыс өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орны-заң институты туралы ақпарат беріп, болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Болашақ талапкерлермен кездесу барысында оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет екені, әскери-дәрігерлік комиссия, қандай спорттық нормативтер тапсыру керектігі жайлы да мәліметтермен бөлісті. Кездесу соңында  мектеп түлектеріне буклеттер таратылды.