2025 жылғы 31- қаңтар күні № 11 мектепте жас мамандарға арналған кеңес орталығының отырысы өткізілді.
2025 жылғы 31- қаңтар күні № 11 мектепте жас мамандарға арналған кеңес орталығының отырысы өткізілді. Бұл кеңес орталығында жас мамандарға бастауыш орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Искакова Гульмираш Рымбаевна «Қазіргі білім берудегі қарым-қатынас және өзара әрекеттесу дағдылары» тақырыбына тренинг өткізіп,жас мамандармен өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі заманда білім беру саласында қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу дағдылары маңызды рөл атқаратыны,бұл дағдылар оқушылардың тұлғалық дамуы мен табысты білім алуына негіз болатына тоқталып өтті. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар осы қабілеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударуды талап етілетінін айтып өтті. Сондықтан мұғалімдер мен оқушылардың арасында тиімді қарым-қатынас орнатып, өзара әрекеттесу механизмдерін жетілдіру – басты міндеттердің бірі болып саналады. Ansergarden.com сайтында онлайн форматта, QR-код арқылы жас мұғалімдер дәрістен алған әсерлерімен бөлісті.
