№ 11 мектепте жас мамандарға арналған кеңес орталығының отырысы өткізілді.
№ 11 мектепте жас мамандарға арналған кеңес орталығының отырысы өткізілді. Бұл кеңес орталығында жас мамандарға бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Мырзаканова Жанар Ануаровна «Қабілетті оқушылармен жұмыс істеу жүйесі,принциптері мен тәсілдері» тақырыбына семинар өткізіп,жас мамандармен өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.Оқушылардың саусақ моторикасын дамытуға арналған ойындар ойнатылып, қызықты жаттығулар орындатылып, әр түрлі бағдарламамен жасалған қызықты тапсырмалармен таныстырды.
Қорыта айтқанда, Жанар Ануаровна еліміздің өркениетті елдер қатарынан орын алып, дамудың жоғарғы сатысына көтерілуі үшін ең алдымен келер ұрпаққа оң тәрбие, терең білім берілуі керек екеніне ал, білімнің қайнар көзі мектептен басталса, оның кәусарынан сусындатуда ұстаз еңбегінің рөлі ерекше екеніне тоқталып өтті.
