Жас мамандардың консультация орталығының отырысы болып өтті
Қазан айының 31-ші жұлдызында №11 мектепте жас мамандардың консультация орталығының отырысы болып өтті .Отырыста жас мамандарға «Мұғалімнің бейнесі (имиджі), педагогикалық этикасы және өзін-өзі ұстауы» тақырыбына мектебіміздің «Алтын қоры» атты шығармашылық тобының жетекшісі, тарих және құқық пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші Токашева Кымбат Қасымқызы тренинг өткізді. Жас мамандардың тақырып төңірегінде кәсіби іс-әрекеттері туралы ойлары анықталып , психологиялық ахуал жасалып, тақырып туралы тереңдетіле мағлұматтар берілді. Тренинг арқылы әріптестеріміздің санасында мұғалім бейнесін жаңарта отырып,өзін-өзі тану жолдарын меңгерту және тиімдірек жұмыс жолдарын игеру мақсатында тәжірибелік жаттығулар жасалды. Тренинг соңында кері байланыс жасалып, Кымбат Қасымқызына жас мамандар өз ризашылықтарын білдірді.
