Бастауыш сынып жетекшілер қауымдастығының кезекті отырысы өтті
31.10.2023 жылы жоспар бойынша бастауыш сынып жетекшілер қауымдастығының кезекті отырысы өтті. Қауымдастық отырысының барысында мектептің ТІЖО Мухамадиева К.Т сынып жетекшілерін мектебімізде ұйымдастырылып отырған ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығы жайында хабардар етті. Орталық ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді және оның негізгі мақсаты- позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылатындығы айтылды.
Ары қарай күн тәртібі бойынша жақында ғана біліктілік курсынан өткен сынып жетекшісі Мухитова А.С тыңдалып, әріптестерімен іс –тәжірибемен бөлісті. "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мектеп кітапханашысы Бахтинова Д.Б сөз сөйледі.Бастауыш сынып жетекшілер қауымдастығының отырысын жетекшісі Рахметова К.Б қорытындылады.
