25
сәуір
2024
Сәуір айының 25-ші жұлдызында №11 мектепте жас мамандардың консультация орталығының отырысы болып өтті .
Сәуір айының 25-ші жұлдызында №11 мектепте жас мамандардың консультация орталығының отырысы болып өтті . Отырысқа мектеп әкімшілігі , жас мамандардың тәлімгерлері мен әдістемелік жетекшілері қатысты. Отырыста жас мамандардың биылғы оқу жылындағы «Менің педагогикалық жетістіктерім» рефлексиялық есебі тыңдалды.Әр ұстаз биылғы оқу жылындағы өзінің қатысқан конкурстары,семинарлары ,олимпиадалары,конференциялары және т.б. туралы және шәкірттерінің жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Әр ұстаздың есебі тыңдалып, келесі оқу жылында ұстаздарға бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялауға,қалалық деңгейге конкурстар мен олимпиадаларға қатысуға және оқушыларды дайындауға ұсыныс жасалды.

