Бастауыш сыныптар апталыгы
"№11 ЖОББМ" КММ қабырғасында бүгін, 2024 жылдың 29 қаңтарында Бастауыш сыныптар апталығының ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Салтанатты іс-шара кезінде бастауыш сынып оқушылары апталықтың жоспарымен таныстырылды. 1-4-сынып оқушылары танымдық мазмұндағы сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы шараларға қатысса, бастауыш сынып мұғалімдері апта бойы өзара тәжірибелерімен алмасатын болады.