«Даналық бейсенбісі" жобасы » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
наурыз
2024

«Даналық бейсенбісі" жобасы

«Даналық бейсенбісі" жобасы

       Мектебімізде "Даналық бейсенбісі" жобасы аясында  8 -11  сынып оқушыларымен Құнанбай қажы атындағы «Алаш» аудармашылар одағы қоғамдық қорының төрағасы Омарғалиев Ерік Қайратбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.  Мақсаты: дарынды оқушылардың  ізденімпаздық пен шығармашылық қабілеттерін  дамыту,  табысқа жеткен тұлғалардың өмірін және шығармашылық жолдарын насихаттау.

             Шақырылған қонақ өз шығармашылығымен таныстыра отырып, өлең шығару ,  аударма ісі бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Оқушылар  сауалдарын ашық әрі еркін түрде жеткізіп, көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды. Соңынан мектеп психологы Мырзаханова А.А   оқушылармен  тренингтік жаттығу өткізді. Бұл кездесу мектеп оқушылары үшін үлкен патриоттық рухқа,  адамзаттың өмір жолында қажет боларлық керемет кеңестерге толы болды.