Қаламыздағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте 8- наурыз мерекесі қарсаңында бір тұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Асыл әже" әжелер кеңесі ашылды. » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қаламыздағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте 8- наурыз мерекесі қарсаңында бір тұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Асыл әже" әжелер кеңесі ашылды.
06
наурыз
2024

Қаламыздағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте 8- наурыз мерекесі қарсаңында бір тұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Асыл әже" әжелер кеңесі ашылды.

Қаламыздағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте 8- наурыз мерекесі қарсаңында бір тұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында "Асыл әже" әжелер кеңесі ашылды. Адамның адами болмысы мен асыл қасиеттері отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана еліне, жеріне, Отанға деген сүйіспеншілік сезім орнығады.
Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі – әжелер екені даусыз. Ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіріп, қыздарымызға өнегелі тәлім тәрбие беру жолында сынып жетекшілерге қолдау көрсетіп мектеп пен қоғам арасындағы байланысты әжелеріміз арқылы нығайтатынымыз сөзсіз. Қазақ халқының мәдени мұрасын, салт-дәстүрін оқушылар арасында насихаттап, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруді мақсат етіп отырмыз. Мектеп оқушылары әжелеріміз бен  ата-аналарымызға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

#Ұлттық_Сезім_Абай_Облысы
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей_қаласы