Жас сарбаз
12.01 2024 күні №11 мектептің «Жас сарбаз» арнайы сыныбының оқушылары офицер-тәрбиешінің жетекшілігімен 32355-к әскери бөлімімен бірлесе жасалған жоспар мен меморандум аясында қалалық офицер үйінде орналасқан “Шығыс” өңірілік басқармасының мұражайына барды. Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және патриоттық тәрбие жұмысын жандандыру. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызығушылық танытып, белсене қатысты.