"Жас сарбаз" сыныбында патриоттық айлық » Средняя общеобразовательная школа № 11
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №11"
отдела образования города Семей
управления образования области Абай
Приемная
+7(7222) 31-63-02
Бухгалтерия
+7(7222) 31-51-53
Версия для
слабовидящих
» » » "Жас сарбаз" сыныбында патриоттық айлық
29
январь
2024

"Жас сарбаз" сыныбында патриоттық айлық

Жас ұрпақпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын жандандыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет беделін қолдау мақсатында 29 январьда 32355 бөлім басшылығының көмегімен 44736 бөліміне оқушыларға ашық есік күні ұйымдастырылды. 10 сыныптар және "Жас сарбаз" сыныбында патриоттық айлық аясында 44736 әскери бөлімінің командирі полковник Абикенов А.Ш.ның басшылығымен оқушыларға әскери бөлімнің барлық жеке құрамының қатысуымен бөлім жұмысының негізгі бағыттарын, атап айтқанда жауынгерлік әдістерін, іс-шараларын және бөлімнің әскери қызметшілерінің атқаратын міндеттерін іс жүзінде көрсетті.  Оқушылар сарбаздардың өмірімен және күнделікті тұрмыс тіршіліктерімен, бөлімдегі медициналық қамтамасыз ету және медициналық пунктпен танысу мақсатында казармаға барып, қару-жарақтың, әскери техниканың және атыс қаруының негізгі түрлерін тамашалады.
 Бұл іс-шара мектебіміздің оқушыларының әскери қызмет дағдыларын меңгеруіне және дүниетанымын байытуға өте маңызды және пайдалы болды.
Оқытушы-ұйымдастырушы:  Рахманова Л.Р.
Офицер-тәрбиеші: Дюсупжанов А.А.