25 октябрь Республика күні ! » Средняя общеобразовательная школа № 11
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №11"
отдела образования города Семей
управления образования области Абай
Приемная
+7(7222) 31-63-02
Бухгалтерия
+7(7222) 31-51-53
Версия для
слабовидящих
25
октябрь
2023

25 октябрь Республика күні !

25 октябрь Қазақстан үшін-тарихтағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің №307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін жариялады және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады.

Құрметті әріптестер, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Аспанымыз бейбіт, таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасқан болсын. Жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікке ұмтылып, жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болғай!

Мәңгілік жаса,қыран елім Қазақстан!