10
август
2023
10 август - Абай күні құтты болсын!
Бүгін, 10 август қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туғанына 178 жыл толды. Сонымен бірге, елімізде ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 август «Абай күні» болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілгені баршамызға аян. Бұл бүкіл Алаш үшін Абайды ұлықтайтын ерекше мереке. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл Абай аавгуст қазақ халқы үшін дара тұлға. Абай – жаңа қазақ әдебиетінің негізін салды. Қоғамның рухани дамуын көздеп, мәдени саланың ілгерілеуіне үлесін қосып, тарих парақтарына өзінің ізін қалдырды.
