«ҮЗДІК ЖАС МАМАН» атты республикалық байқауының жеңімпаздары
Қараша айының алғашқы күндері «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастырумен өткізілген «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» атты республикалық байқауына Абай облысы ББ Семей қаласы білім бөлімінің «№ 11 ЖОББМ»КММ-нің жас мамандары Нурмагамбетова Айгерим Сайфоллаевна, Колбаева Балжан Айтказыновна, Муратбек Дауиржан, Мұратова Аяулым Мұратқызы, Советова Мадина Сәулеткызы, Акан Гулим Дауренбеккызы қатысып, арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» атты төсбелгісімен, куәлік және І дәрежелі республикалық дипломмен марапатталды. Марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтті. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі табыс етілді. Сондай-ақ, Астана қаласының мәдени орталықтарына педагогтар саяхат жасады.
«ҮЗДІК ЖАС МАМАН» атты республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын мен төсбелгі алған мектебіміздің жас мамандарын жеңістерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық,еңбектеріне толағай шығармашылық табыстар тілейміз.
