27
қазан
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.
27.10.2023 ж "#11ЖОББМ "КММ жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты:ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды анықтап, қалалық, облыстық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау. Мектепішілік олимпиадаға 2-11сыныптар арасында 335 оқушы қатысты. Қатысушылар таңдаған пәндері бойынша олимпиадалық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынады. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алады.