18
наурыз
2024
Мектебімізде 2024 жылдың 18 наурызы- Игі істер күні атауымен үндес бастауыш сынып ата-аналарына бала тәрбиесіндегі іс-әрекеттеріне қолдау көрсетуге бағытталған «Сенім арту –жетістік кепілі.
Мектебімізде 2024 жылдың 18 наурызы- Игі істер күні атауымен үндес бастауыш сынып ата-аналарына бала тәрбиесіндегі іс-әрекеттеріне қолдау көрсетуге бағытталған «Сенім арту –жетістік кепілі. «Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері Кудайбергенова Анар Калиевна мен Балагазинова Арайлым Сериковнаның ұйымдастыруымен жоспарлы түрдегі лекторий өткізілді.
Лекторий «Бала үлкендердің қолдауын қажет етеді» атты тренинг жаттығуымен басталды. Лекторийге қатысушы ата-аналар бала өміріндегі қиындықтар, агрессия, өтірік айту, ашулану және басқа қиын жағдайлардағы баланың сезімі, қиын жағдайда қалған балаға түсіністікпен қарау, баланы қолдаудың тиімді жолдары, жағдайды шешуде баланың күшті жақтарына сүйену жағдайларын қарастырды, құнды ой- пікірлерімен бөлісті. Лекторийдің соңында рефлексия жасалды. Лекторий ата- аналар көңілінен шықты.