8 «Е» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған фокус топтың Lesson study зерттеу тәсілінің екінші циклі жүргізілді.
8 «Е» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған фокус топтың Lesson study зерттеу тәсілінің екінші циклі жүргізілді. Топ мүшелері алдыңғы сабақтағы зерттеу бойынша олқылықтарға толықтырулар енгізіп, ортақ жоспарды талқылады. Оқу процесінің мақсатқа сәйкестігін бақылады, сабақ соңында рефлексия жасалып, бақыланушы оқушылардан сауалнама алынды.
Бақылау барысында С деңгейлі оқушы өзін еркін ұстап, белсене қатысты, В деңгейлі оқушының сенімділігі, А деңгейлі оқушының көшбасшылық дағдысы жоғары екені байқалды. Зерттеудің келесі циклінде бала белсенділігі мен қабілетін аша түсуге бағытталған әдіс-тәсілдер жоспарланды.
Зерттеу тобының мүшелері: ОТІО, модератор - А.К.Кудайбергенова; сабақ жүргізуші мұғалім- Г.Р.Искакова; бақылаушылар: Р.А.Абишева, А.Ш.Ибраймова, О.О.Сылдырбаева.
