Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған фокус топтың Lesson study зерттеу тәсілінің алғашқы циклі 8 «Е» сыныбында жүргізілді.
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған фокус топтың Lesson study зерттеу тәсілінің алғашқы циклі 8 «Е» сыныбында жүргізілді. Сабақты бірлесіп жоспарлау барысында зерттеу тақырыбына негізделген оқытудың тиімді әдісі таңдалды. Мақсаты: Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру. Фокус топқа алдын ала нұсқаулық берілді, әдістемелік қолдау көрсетілді. Оқу процесінің мақсатқа сәйкестігін бақылады, сабақ соңында рефлексия жасалып, бақыланушы оқушылардан сауалнама алынды.
Талқылау барысында С деңгейлі оқушының өзіне сенімсіздігі және топта жұмыс істеуге қалыптаспағаны, В деңгейлі оқушының өздігінен жұмыс істеуге бейімделмегені, А деңгейлі оқушының көсбасшылық дағдысының бар екені байқалды. Зерттеудің келесі циклінде осы кедергілерді жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдер жоспарланды.
Зерттеу тобының мүшелері: ОТІО, модератор - А.К.Кудайбергенова; сабақ жүргізуші мұғалім-Р.А.Абишева; бақылаушылар: Г.Р.Искакова, А.Ш.Ибраймова, О.О.Сылдырбаева.
