Мұғалімдерге арналған «Мектеп оқушыларын зерттеу жұмыстарына дайындаудың әдіс тәсілдері және оларды іске асыру жолдары» тақырыбында семинар өткізілді
Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған «Мектеп оқушыларын зерттеу жұмыстарына дайындаудың әдіс тәсілдері және оларды іске асыру жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты -оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және зерттеу жүргізудің тиімді әдіс- тәсілдерін игеру бойынша педагогтерге жағдай жасау. Семинар жұмысына Ә. Бөкейханов атындағы университетінің ғылым бөлімінің басшысы Егежанова Д.Р, Шәкәрім атындағы университетінің мамандары Омар А.Қ , Гимран Ж.Қ , НЗМ IT маманы , Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Шагимолдина М.О қатысты. Жоғары оқу орындары мамандары мектеп мұғалімдеріне оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындаудың және олардың ғылыми мақала жазу машықтарын дамытудың заманауи тәсілдеріне тоқталып, оқушыларды ғылымға жетелеудің заман талабы екендігін атап өтті. Дарынды оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосуға шақырды.


