23
сәуір
2024
10.04.-18.04.23 аралығында 8 «Г» сыныбында сабақты зерттеудің (LS) 2-циклі өтті.
10.04.-18.04.23 аралығында 8 «Г» сыныбында сабақты зерттеудің (LS) 2-циклі өтті. Қазақ тілі мен әдебиетінен «Мәңгілік ел» идеясы» тақырыбы бойынша мұғалім Искакова Г.Р., орыс әдебиетінен «Мцыри» М.Ю.Лермонтов» тақырыбында мұғалім Н.В.Назаренко, тарих пәнінен «Участие казахстанцев в сражениях ВОВ» тақырыбында мұғалім Сакпанбаева А.Н. «Гуманитарлық циклдер сабақтарында көлемді мәтіндермен жұмыс істеуде Тарсия тәсілінің тиімділігі» мәселесін зерттеу сабақтарын жүргізді. Зерттеу барысында оқушылардың көлемді мәтіндермен өздігінен жұмыс істей алу, мәтін мазмұнын түсіну үшін ақпараттарды жан-жақты талдау, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру, дұрыс жауаптарды анықтау, топта жұмыс жасай білу икем-дағдыларын жетілдіру, бөлім бойынша меңгерілген білімді бекіту мақсаттарында «Тарсия» әдісін тиімді қолдануға басты назар аударылды.




