Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл
27
қыркүйек
2022

Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл

Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әлем таныған Әуезов» атты бірыңғай күн өтті. Б.С.Тепышеваның 10-11-сынып оқушылары арасында «Абай жолы» тарихи роман-эпопеясынан көрсеткен үзінділері дөңгелек үстел басында пікір алмасуға ұласты. А.Р.Рахметова орта буын оқушылары арасында әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.  А.Ш.Ибраймованың бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырған «Көксерек» әңгімесін тізбектей оқыту сайысы жас буынның оқуға ынтасын арттырды.       Әр іс-шараның мақсаты ұлы тұлға Абайды әлемге танытқан жазушымыз М.Әуезов өміріндегі тың деректер, шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегін таныту болды.