«Буккроссингом»,
«№ 11 ЖОББМ» КММ кітапханашысы 4 «Г» кезекші сыныбын «Буккроссингпен» таныстырып, оқушылар кітап алмасуға әкелген кітаптары жайында әңгімелеп, бір-біріне оқуға ұсынды.
«Буккроссингтің» мақсаты: үйіміздегі оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру»; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
«Буккроссинг» тарихы: «Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған.
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты басқа адам алып оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады.
«Буккроссинг» ережелері:
• Сен ұнаған кез-келген кітапты еркін алып оқуыңа болады.
• Кітапты оқып болган соң досыңа оқуға ұсын немесе сөреге қайтадан апарып қой.
• Кітапқа мұқият қара: жыртпа, беттеріне жазу жазба, қажет болса мұқабамен қаптап, желімдеп қой.
• Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса, өзің әкеліп қос.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Оқу жылы бойы жалғасын табатын «Буккроссинг» мектепішілік кітап алмасу кітапханада ұйымдастырылған.
Барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамыз!
Библиотекарь КГУ «СОШ № 11» ознакомила учащихся дежурного 4 «Г» класса с «Буккроссингом», дети рассказывали о прочитанных книгах и рекомендовали их своим друзьям.
Цель«Буккроссинга»: привлечение внимания читателя к книге; увеличение интереса к чтению; превращение всего мира в библиотеку.
История«Буккроссинга»: Идею буккроссинга предложил специалист по интернет-технологиям Рон Хорнбекер в марте 2001 года.
Что такое буккроссинг? Это хобби и общественное движение, действующее по принципу социальных сетей и близкое к флэш-мобу. Человек, прочитав книгу, оставляет («освобождает») её в общественном месте (парк, кафе, библиотека), для того, чтобы другой, случайный человек мог эту книгу взять и прочитать, тот в свою очередь должен повторить это же действие.
Правила «Буккроссинга»:
• Бери и читай любую понравившуюся тебе книгу.
• Не уноси книги навсегда: прочитал – оставь другому.
• Срок жизни книг краток, поэтому обращайся с ней бережно.
• На полке нет твоей любимой книги – добавь ее сам.
Уважаемые учителя, родители, учащиеся!
В библиотеке организован школьный книговорот «Буккроссинг», который действует в течении учебного года.
Приглашаем всех читать книги!