13
ақпан
2025
№11 мектеп пен №22 мектеп-лицейінің 5-6 лицей сыныптары арасында интеллектуалды квест өтті.
№11 мектеп пен №22 мектеп-лицейінің 5-6 лицей сыныптары арасында интеллектуалды квест өтті. Бұл шара оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға, командамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге және білімдерін шыңдауға бағытталды. Квест барысында қатысушылар түрлі математикалық, логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін сынады.
Шара достық әрі бәсекелестік рухында өтіп, оқушылар жаңа білім алып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, жаңа достар тапты.
Квест қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен топтар марапатталып, бас жүлде кубогын № 22 мектеп - лицейі иеленді.
Сіздердің бүгінгі жетістіктеріңіз – ертеңгі үлкен табыстарыңыздың бастауы. Сондықтан алған білімдеріңізді одан әрі шыңдап, ізденістеріңізді жалғастыра беріңіздер.
Баршаңызды тамаша нәтижелеріңізбен құттықтаймыз! Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алдағы білім бәйгелерінде сәттілік тілейміз! Жарқын болашақтарыңызға жол ашық болсын!
[media=https://youtube.com/shorts/amX2G6Lk18A]