Коучинг » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қаңтар
2020

Коучинг

№11 жалпы орта білім беретін мектепте  қаңтар айында  жас  мамандардың  қатысуымен  коуч  Муканова  Кымбат  Серикказыевна "Сыни ойлау-ойды шыңдау"атты коучинг өткізді. Жалпы мақсаты:   жас мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жаңа әдіс- тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.Түйінді  идеясы: Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге,ойлау мен іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдеріне дайын болуды көздейді. Күтілетін нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік алып,оның мәнін ашады. Сын   тұрғысынан  ойлауды  жүзеге   асыруда  тиімді әдіс-тәсілдерімен  танысады. 

Бұл  коучингті   меңгерте  отырып Кымбат Серикказыевна мұғалімдерді  жұмыла  жұмыс жасауға жетелеп, жалықтырмас үшін қызығушылығын арттыру барысында коучингтің   әр кезеңінде әр түрлі сыни тапсырмалармен таныстырып, ойындар өткізді, постерлар  қорғатты. Жұмыстарды түрлендіру үшін әртүрлі әдістер қолданылды,слайдттармен жұмыс жасалды.

Коучингтің  әрбір  кезеңдерінен   өткен сайын мұғалімдер белсене қатысып, тапсырмаларды қызыға орындап,сын тұрғысынан ойлауға бағытталып,өз ойларын емін-еркін айтуға,топтасып жұмыс жасауға  және жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік алды.