14
қазан
2025
"Асыл әже" әжелер кеңесі 7 "А", 7 "Б" сыныбының қыздарымен тоқма тоқу, іс тігу, құрақ құрау бойынша сабақ өткізді.
"Асыл әже" әжелер кеңесі 7 "А", 7 "Б" сыныбының қыздарымен тоқма тоқу, іс тігу, құрақ құрау бойынша сабақ өткізді. Шеберлік сағатында әжелер ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретіп, әр бұйымның маңыздылығы мен тарихы жайлы әңгімелеп берді. Қыздар өз қолдарымен алғашқы рет жіп иіріп, жастыққа ою құрап, тігіс түрлерін меңгерді. Әжелер әр оқушының еңбегін бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара барысында оқушылар мен әжелер арасында ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық дәстүр мен салт-сананы дәріптеу жайлы әсерлі әңгімелер өрбіді. Қыз балалар үлкендерден тәлім алып, қазақ халқының бай мұрасы – қолөнерді құрметтеуге және жалғастыруға ниет білдірді.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей