22
январь
2024
«Менің болашақ мамандығым» суреттер көрмесі
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында суреттер көрмесі өткізілді. Мақсаты: мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын нығайту; жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; еңбекке баулу, әр мамандық иелеріне құрметпен қарауға, өз мемлекетіне пайдалы болып өсуге ұмтылуға тәрбиелеу. Оқушылар суреттер көрмесіне белсене қатысты. Берілген жұмыстар бояумен де, қарындашпен де салынған. Өздерінің салған суреттері арқылы әр бала мамандықтар әлемі туралы білімдерін көрсетуге тырысты.


