"Жас сарбаз" сыныбының негізгі бағыттардың бірі –
"Жас сарбаз" сыныбының негізгі бағыттардың бірі – азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Осыған орай бүгінгі «№68303 арнайы әскери құтқару бөліміне экскурсия» шарасының маңызы ерекше болды. Экскурсияның негізгі мақсаты: өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылық пен құрметті ояту, балалармен өрт кезіндегі іс-әрекеттер және өрттің алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізу. Өрт сөндіру бекетінде балаларға ғимарат бойынша экскурсия жүргізіліп, күзет бөлмелері мен демалыс бөлмесі көрсетілді.