29
октябрь
2019
«Балдырған" лагерінде "Әдептілік мектебі" атты іс-шарасы өтті
Бүгін «11 ЖОББМ» КММ «Балдырған" лагерінде "Әдептілік мектебі" атты іс-шарасы өтті.Бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.Іс-шара таңертеңгілік жаттығудан басталып, "Билейтін шарлар", " Бірлігіміз жарасқан", " Кім тапқыр?", "Билейтін кепка", " Суреттер сөйлейді" атты ойындары, "Әдептілік-әдемілік" тақырыбында сурет көрмесі жалғасты. Әрбір оқушы өзінің шығармашылығын, жан-жақтылығын көрсете білді. Екінші күніміз өте қызықты,әрі көңілді өтті.Іс-шара соңында барлық балаларға тәтті тосынсый таратылды.





