Жемқорлықсыз болашақ » Средняя общеобразовательная школа № 11
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №11"
отдела образования города Семей
управления образования области Абай
Приемная
+7(7222) 31-63-02
Бухгалтерия
+7(7222) 31-51-53
Версия для
слабовидящих
26
октябрь
2023

Жемқорлықсыз болашақ

"Жемқорлықсыз болашақ" Бүгін №11 мектепте Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау орталығының Абай облыстық филиалының орынбасары Қайратова Ақнұр мен Байбасарова Анеля әпкелеріміз қонақта болды. Олар  «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбына байланысты өте көп пайдалы мәліметтермен бөлісіп,осы бір нәрсенің куәсі болсақ оны жасырып қалмай, құқық қорғау органдарына хабар беру қажеттігін айтты. Ақнұр және Байбасарова Анель дайын презентация мен видеороликтер көмегіне жүгінбей, жеңіл тілмен тақырыпты оңай, қызықты түсіндіріп берді. 11 сынып оқушылары «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, еш қысылмай барлық сұрақтарға белсенді жауап беріп,  жақсы жұмыс жасады. XXI ғасырда ең өзекті тақырыптардың бірі - Жемқорлық. Жемқорлықпен бір ғана адам күресіп, жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сондықтан, барлық адам береке-бірлікте жемқорлыққа қарсы тұрып, оны түбегейлі жоюға міндетті. Егер елімізді жемқорлық толық жаулап алатын болса, оның салдары түрлі қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Мына біз, жастар, Қазақстанның жарқын болашағы үшін еңбек етуіміз қажет. Болашақ - жалынды жастардың қолында!
("Адал ұрпақ" ұйымының мүшелері)