Ата- аналарға түсіндіру жұмыстары » Средняя общеобразовательная школа № 11
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя общеобразовательная школа №11"
отдела образования города Семей
управления образования области Абай
Приемная
+7(7222) 31-63-02
Бухгалтерия
+7(7222) 31-51-53
Версия для
слабовидящих
» » » Ата- аналарға түсіндіру жұмыстары
25
январь
2024

Ата- аналарға түсіндіру жұмыстары

24 январь күні 11 сынып ата-аналары үшін қорытынды аттестаттау мен ЕНТ-ның жүргізілу тәртібі бойынша түсінік беру мақсатында мектепішілк  жиналыс өткізілді. Ата- аналарға биылғы оқу жылындағы ЕНТ тапсырудағы өзгерістермен және оқушыларды ҚА мен ЕНТ-ға дайындау бойынша жүрзіліп жатқан мектепішілік іс-шаралар нәтижесі мәлімделді. ІІ жартыжылдықтан бастап әкімшілік сынаққа ата-аналарды қатыстыру жоспарланды. Қатысушылар назарына бекітілген сынақ кестесі ұсынылды. Мектеп психологтары ата-аналар сенімділікті қалыптастыру мақсатында тренинг жүргізді. Ата-аналар мен балаларының арасында сенімділік, ашықтық байланыс орнату мақсатында хат жазу әдісі қолданылды. Бұл тәсіл әсерлі болды.   Педагог – профориентатор Ж.Т. Тұрсынбекова сөз алып, оқу жылындағы кәсіптік бағдар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар топтамасы туралы мәлімет беріп, жүргізілген диангностикалар нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп түлектері үшін жоғарғы оқу орындарына  қабылдану мен түсу шарттары туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, ағымдағы мәселелер де қарастырылып, жиналысқа қатысушылар өз сауалдарына жауап алды.