1 сыныпқа қабылдау
ҚҰРМЕТТІ АТА – АНАЛАР!
Абай облысы білім басқармасының "Средняя общеобразовательная школа №11" «№11 ЖОББМ» ММ мектепке дейінгі және орта білім беру секторы 1 - сыныпқа қабылдау бойынша төмендегі хабарлайды: «Білім туралы» 2017 жылғы 27 июльдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабының 1 - тармақшысына сәйкес, 1 - сыныпқа балалар алты жастан қабылданады. Аталған норма 2019 жылғы 1 қантардан бастап қолданылуда.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1 - сыныбына, ата - аналардан немесе балалардың заңды өкілдерінен құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 1 апрельден 1 августға дейін жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау EGOV.KZ порталы арқылы іске асырылады (өтінішті үйден электронды сандық қол арқылы жолдауға болады (ЭЦП).
1 – сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүйеге бекіту қажет:
1) ата-ананың өтініші ( электрондық түрде толтырылады )
2) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 063/у нысаны pdf форматында сканерленген)
3) бала денсаулығы паспорты 026/у-3 есеп нысаны (pdf форматында сканерленген)
4)баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi (2 дана, цифрлық).
Құжаттар 5 мгб. аспауы қажет.
Назар аударыңыздар!
Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайды, Сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды.
- Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады;
- Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтінім қарастыруда болса, өтініш қайтадан беру мүмкіндігі болмайды;
- Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.
Өтініші берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмері, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөмеріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.