Оқушылармен және ата-аналармен тиімді әрекеттесу тренингі
Оқушылармен және ата-аналармен тиімді әрекеттесу
тренингі
2025 жылғы 20- октябрь күні № 11 мектепте жас мамандарға арналған кеңес орталығының отырысы өткізілді.Бұл кеңес орталығы жас мамандардың оқу орындарында алған білімдерін практикалық қызметте қолдануларына әдістемелік көмек көрсету, мектептің оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруға жас мамандарды белсенді тарту мақсатында құрылды. Отырысқа мектеп психологтары А.М.Мұхамбетова және А.А.Мырзаханова қатысып, «Жас маманның бейімделуі» тақырыбына сауалнама өткізді. Жас мамандардың бір-бірімен жақын танысу мақсатында мектеп психологтары психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, ұжымдағы мұғалімнің жайлылық дәрежесін және кәсіби қиындықтарды анықтады..Сонымен қатар «Оқушылармен және ата-аналармен тиімді әрекеттесу»тақырыбына тренинг жүргізе отырып,рөлдік ойындар ойнатылып,жағдаяттар шешіліп, әр түрлі тапсырмаларды орындай. отырып,жас мамандарға кеңестерін берді.
