«Екі жұлдыз» ән байқауы
01.02.2024 күні №11 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Байқауды өткізудегі мақсатымыз мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруді арттыра отырып, ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланысты орнату. Осы арқылы оқушыларды бірлікке, ұйымдастырушылыққа, ән таңдау барысында патриоттық тәрбие бере отырып өнерді бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады. Ән байқауына қатысқан белсене қатысқан ата-аналар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Байқау қорытындысы бойынша І орынды 9 «В» сынып оқушысы Қадылов Диас пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нурпейсов Медет Калибекович, ІІ орынды 10 «А» сынып оқушысы Мухажанова Алина мен ағылшын пәнінің мұғалімі Ақан Гүлім Дәуренбекқызы, ІІІ орынды 9 «Е» сынып оқушысы Оразгали Алима мен әкесі – Айдын Оразгалиевич иеленді. Қалған қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
#Біртұтас_тәрбие_Абай _облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей