✨Мектебімізде «Мектепке жол» картасы аясында оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында жапондық тәрбие жүйесінің элементтері – сэмпай – кохай (үлкен – кіші) әдісі енгізілді. » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ✨Мектебімізде «Мектепке жол» картасы аясында оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында жапондық тәрбие жүйесінің элементтері – сэмпай – кохай (үлкен – кіші) әдісі енгізілді.
01
қазан
2025

✨Мектебімізде «Мектепке жол» картасы аясында оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында жапондық тәрбие жүйесінің элементтері – сэмпай – кохай (үлкен – кіші) әдісі енгізілді.

✨Мектебімізде «Мектепке жол» картасы аясында оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыру мақсатында жапондық тәрбие жүйесінің элементтері – сэмпай – кохай (үлкен – кіші) әдісі енгізілді. Бұл әдістің басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларының (сэмпай) кіші сынып оқушыларына (кохай) бағыт-бағдар беріп, мектептегі тәртіп пен мәдениетті меңгеруіне көмектесуі.
Жаңа жүйе әсіресе мектеп асханасында белсенді жүзеге асырылып жатыр. Жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларына асханадағы дұрыс тәртіпті, тазалық сақтау ережелерін, тамақтану мәдениетін түсіндіреді. Сонымен қатар, олар кіші сынып оқушыларына кезекке дұрыс тұру, ыдыс-аяқты қолдану, артық тамақ алмау сияқты қарапайым, бірақ маңызды дағдыларды үйретіп, үлгі көрсетеді.
Бұл бастама мектепішілік тәртіпті нығайтып қана қоймай, оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, өзара құрмет пен жауапкершілік сезімін дамытуға септігін тигізіп отыр. Жоғары сынып оқушылары өздеріне жүктелген рөлді зор жауапкершілікпен атқаруда, ал кіші оқушылар үлкендерінен үйреніп, жаңа ортаға бейімделуде.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер бұл бастаманың оқушылардың жеке дамуына оң әсер ететініне сенімді. Алдағы уақытта сэмпай – кохай әдісі оқу, тәртіп, мәдени іс-шаралар сияқты мектептің басқа бағыттарында да кеңінен қолданылатын болады.
✨Новая система особенно активно реализуется в школьной столовой. Старшеклассники объясняют младшим правила поведения в столовой, санитарные нормы и культуру питания. Кроме того, они обучают младших таким важным, но простым навыкам, как правильно вставать в очередь, пользоваться посудой, не брать лишнюю еду и соблюдать чистоту — тем самым подавая положительный пример.
Эта инициатива не только укрепляет школьную дисциплину, но и способствует установлению доверительных отношений между учениками, развитию взаимного уважения и чувства ответственности. Старшие школьники с большой серьёзностью исполняют возложенные на них обязанности, а младшие учатся у старших и быстрее адаптируются к школьной среде.

[media=https://youtube.com/shorts/MPyTYhyWLj4]

Похожие публикации: