Кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпарат
9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Азаматтық авиация академиясы», «Авиация колледжі» мамандары келіп оқушыларымен кездесу өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіптік білім алуда, жоғары оқу орындарын таңдауда нақты бағыт беру. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды. Оқу орны туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға азаматтық авиациясы академиясының атынан естелік сыйлықтар таратылды.