Абай облысының командасы – республикалық олимпиадада жүлделі II орын иегері!* » Средняя общеобразовательная школа № 11
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 31-63-02
Есепші бөлімі:
+7(7222) 31-51-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абай облысының командасы – республикалық олимпиадада жүлделі II орын иегері!*
06
қазан
2025

Абай облысының командасы – республикалық олимпиадада жүлделі II орын иегері!*

Абай облысының командасы – республикалық олимпиадада жүлделі II орын иегері!*

2025 жылғы 6–10 қазан аралығында Астана қаласында 2–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиадада Абай облысының командасы жоғары нәтижелер көрсетіп, жалпы командалық есепте жүлделі II орынды иеленді.
Олимпиада барысында өз білімін, алғырлығын және табандылығын паш еткен үздік оқушылардың бірі – 6 "А" сынып оқушысы Серикова Айзере болды. Айзерені лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оның бұл жетістігі – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және білімге деген құштарлықтың жемісі.
Осы айтулы жеңіске орай, Абай облысы білім басқармасының "Дарын" орталығы КМҚК Өлкетану, туризм және спорт бөлімінің басшысы Какебаев Бауржан Мадиярович арнайы келіп, мектебімізге ат басын бұрып, жеңімпаз оқушыны құттықтап, сәттілік тіледі.