17
қаңтар
2025
2025 жылдың 17 қаңтарда "№11 ЖОББМ" КММ-де «Ұлттық біріңғай тестілеу-2025» тақырыбында 11 сынып ата-аналарымен жиналыс өтті.
2025 жылдың 17 қаңтарда "№11 ЖОББМ" КММ-де «Ұлттық біріңғай тестілеу-2025» тақырыбында 11 сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. Негізгі мақсаты: ҰБТ өткізілу тәртібімен таныстыру, эмтихан алдында эмоционалды тұрақтылықты дамыту. Жиналыс барысында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кудайбергенова А.К. ұлттық біріңғай тестілеудің өткізілу тәртібімен таныстырды, ата-аналарға ақпарат беру және белгілі бір адамның басқа адамдардың тәжірибесін қолдана және өзінің эмоционалды интеллектісінің мүмкіндіктерін байланыстыра отырып, бар мәселені шешу дағдыларын игерту мақсатында "№11 ЖОББМ" КММ педагог- психологы Мырзаханова Акерке Аскербекқызы «Форум-Театр әдістемесі» мектептегі алдын-алу жұмысын ұйымдастыру әдісі ретінде қолданып, мектеп мұғалімдері мен мамандарының қатысуымен "Үлгілі қыз" тақырыбында ата-аналарға көрініс көрсетілді. Ата-аналар көріністе не болғанын мұқият қарастырып, олардың ойынын сезініп, олар жеткізгісі келген ойды, олар қозғаған мәселелерді түсінуге тырысып өз ойларын ортаға салып форум- театрдың бір бөлігі болды.